Республика бойынша 54 703 адам өз үйіне оралды. 5291 адам, оның ішінде 2239 бала эвакуациялау пункттерінде. Бұл туралы төтенше жағдай министрлігі хабарлады.
Бүгінде елімізде су тасқынынан зардап шеккен 5 961 адам әлі күнге дейін эвакуациялау пункттерін паналап отыр. Бұл туралы орталық коммуникациялар алаңында өткен брифиңде ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Асқар Шәріп айтты.