Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Көкшетауда аязда жолда қалған 81 шетел азаматы эвакуацияланды

Фото: ТЖМ
Көкшетауда қатты аяз бен қолайсыз ауа райының салдарынан жолда қалған жолаушылар автобусының ішіндегі адамдар шұғыл эвакуацияланды.

Бұл туралы ТЖМ хабарлап отыр.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құтқарушылар мен полиция қызметкерлері үсіп қалу қаупі төнген 81 Тәжікстан азаматын аман алып қалды.

Оқиға 17 қаңтар күні Көкшетау аумағында болған. Ауа температурасының күрт төмендеуі мен тасжолдағы қауіпті жағдайға байланысты қалааралық бағыттағы автобус сапарын жалғастыра алмаған.

Автобуста барлығы 81 жолаушы болған, олардың 17-сі — кәмелетке толмаған балалар. Барлық жолаушы — Тәжікстан Республикасының азаматтары.

ТЖМ қызметкерлері мен полиция өкілдері бірлесіп, адамдарды суық көліктен қауіпсіз жерге көшіру жұмыстарын жедел ұйымдастырды. Эвакуацияланған жолаушылардың бір бөлігі бейімдеу орталығына, қалғандары қалалық қонақүйге орналастырылды. Шетел азаматтарына жылы орын, тамақ және қажет көмек көрсетілді.

Ведомствоның мәліметінше, құтқарылған жолаушылар қиын сәтте көмек көрсеткен қазақстандық құтқарушыларға жедел әрекеттері мен қолдаулары үшін алғыс білдірген.

Мақалаға реакция