Таяу Шығыстан 3 300-ден астам қазақ эвакуацияланды

Таяу Шығыс елдерінен Қазақстан азаматтарын эвакуациялау жалғасып жатыр. Бүгінге дейін 12 әуе рейсі арқылы 3 300-ден астам қазақ елге оралды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, әуе рейстерімен қатар, азаматтарды жерүсті жолдары арқылы да шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ирандағы дипломаттар 6 наурыз күні «Заркух» компаниясында жұмыс істейтін жеті Қазақстан азаматын иран-армян шекарасына жеткізуді жоспарлап отыр. Бұған дейін Тегеран мен Еревандағы дипломаттар Иран аумағында қалған «Заркух» компаниясының 34 қызметкерінің елден шығуын ұйымдастырған. Олар автобуспен иран-армян шекарасынан өтті. Жалпы Ираннан бүгінге дейін 52 Қазақстан азаматы елге қайтарылды, — делінген хабарламада.

Қазір өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері эвакуация толық аяқталғанға дейін үйлестіру жұмыстарын жалғастырып, шиеленіс аймағындағы отандастарымызбен тұрақты байланыста болатынын мәлімдеді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да