Республика бойынша 37 324 адам өз үйіне оралды. 6 817 адам эвакуациялау пункттерінде. Бұл туралы төтенше жағдай министрлігі хабарлады.
Солтүстік Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында 6 379 тұрғын үй мен 2 794 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 21 мыңнан астам адам, 2 мыңнан астам түрлі техника, 615 су сору және жүзу құралы, 8 әуе кемесі жұмылдырылды. Су тасқыны бастағалы бері 12,6 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 6,6 млн астам қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді, — делінген хабарламада.
Өңірлерде республикалық және облыстық жедел штабтар өз жұмысын жалғастырып жатыр.