Төтенше жағдайлар министрлігі елімізде су тасқыны басталғалы бері барлығы 116 731 адам, оның ішінде 40 666 бала құтқарылып, эвакуацияланғанын хабарлады.
Министрліктің мәліметінше, 112 539 ауыл шаруашылық жануары қауіпсіз жерге айдалды. 16 070 адам үйлеріне оралды.
Эвакуациялау пункттерінде 7 183 адам, оның ішінде 3 219 бала бар, — деді азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш.