Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Қазақстан Таяу Шығыстан 8 585 азаматын эвакуациялады

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Қазақстан сыртқы істер министрлігі құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, Таяу Шығыстан азаматтарымызды қайтару жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде іс-қимылдарды үйлестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Эвакуация басталғалы бері Таяу Шығыс елдерінен 8 585 Қазақстан азаматы елге қайтарылды, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстан Израильден өз азаматтарын эвакуациялауға жәрдем сұрады.

Еске салайық, Air Astana компаниялар тобы Біріккен Араб Әмірліктерден 28 ақпан мен 10 наурыз аралығында рейстері тоқтатылған Air Astana және FlyArystan әуе компанияларының жолаушыларын алып кету үшін репатриациялық рейстерді орындауды жоспарлап отыр.