Бүгінгі күні Қазақстанда 14,9 миллион гектар дәнді дақыл жиналды, бұл - жоспарланған алаңның 86,2%-і. Орташа өнімділігі 9,2 ц/га болған кезде 13,6 миллион тонна астық бастырылды.
Қазақстандағы ұн тартатын кәсіпорындар биыл қаңтар айынан маусым айына дейін 1,6 миллион тонна ұн өндірді. Былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамалы өсім (+0,4%) байқалады.