Басты бет / Жаңалықтар /
8b9669ef2e54e75ace40d77e4c2d284e scaled Қазақстан Сауд Арабиясына ет экспорттайды
Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов

Қазақстан Сауд Арабиясына ет экспорттайды

Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігі мен Сауд Арабиясының азық-түлік өнімдері мен дәрі-дәрмектер басқармасы арасындағы екі жақты ынтымақтастық нәтижесінде қазақстандық 5 ет өңдеу кәсіпорны Сауд Арабиясына қой еті мен сиыр етін экспорттауға құқығы бар кәсіпорындар тізіміне енгізілді.

Олар: «Алтын қазық» ЖШС (Ақмола облысы), «Ақтөбе ет кластері» ЖШС (Ақтөбе облысы), «Empire Food» ЖШС (Алматы облысы), «Meat Processing and Service LLP» ЖШС (Алматы облысы), «Кублей» ЖШС (Батыс Қазақстан облысы).

Бұған дейін 2021 жылдың 6-14 қыркүйегі аралығында Сауд Арабиясының ветеринариялық қызметінің мамандары қазақстандық 5 ет өңдеу кәсіпорнына инспекция жүргізген болатын.

Осылайша отандық кәсіпкерлер басқа елдердің аумағында қазақстандық мал шаруашылығы өнімдерін өткізудің жаңа нарықтарын игеруді жалғастырып жатыр.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram