Министрлік: 300-ге жуық фермер 5%-тік кредит алды

Ауыл шаруашылығы министрлігі билығы егіс науқанын ерте қаржыландыру мақсатында «Кең дала» бағдарламасының операторына екінші траншты аударды. 

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Аграрлық несие корпорациясы қаңтар айында бюджеттік несиенің бірінші траншы — 15 миллиард теңгені алған болатын. Ал екінші траншпен бірге қаржының сомасы 35 миллиард теңгеге жетті.

«Кең дала» бағдарламасы шаруалар 5%-тік кредитті рәсімдей алады. Осы ақшаға топырақты дайындауға, ауыл шаруашылығы техникасына қызмет көрсетуге, қажет материалдар, тұқымдар мен тыңайтқыштарды сатып алуға мүмкіндік бар.

Қазіргі кезде фермерлерден 62,6 миллиард теңгеге 1,8 мың өтініш келіп түскен. 294 өтінім мақұлданып, 12,4 миллиард теңгенің кредиті берілді. Аграрлық несие корпорациясы қалған өтінімдерді қарап жатыр.

Айта кетері, биыл егін егу және егін жинау жұмыстарын жеңілдікпен несиелендіру үшін 140 миллиард теңге қарастырылған.