Не болды?
Қазақстанда мемлекеттік сатып алу кезінде шетелдік азық-түлікке шектеу енгізу жоспарланды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Ауыл шаруашылығы министрлігі ұлттық режимге қатысты қаулыға енетін өзгеріс жобасын ұсынды. Жаңа түзетуге сәйкес, мемлекеттік сатып алу барысында Қазақстанда өндірілмейтін шетелдік өнімдерге шектеу қойылады.
Құжатта мемлекеттік сатып алуға қатысу арнаулы тізім бойынша жүретіні көрсетілген. Мүмкіндік отандық өндірушілерге беріледі. Сонымен қатар шектеудегі тауарлардың тізімін жасап, қаулыны екі жыл мерзімге бекіту ұсынылып отыр.
Бұл бастама ішкі нарықты қорғап, ұлттық экономиканы дамытып, отандық тауар өндірушілерді қолдап, елдің қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету мақсатында әзірленіп отыр, — делінген министрлік хабарламасында.
Контекст
Қаулы жобасы қоғамның ашық талқысына жарияланды, ұсыныстар мен пікірлерді қабылдау 15 маусымға дейін жалғасады.
