Тегін дәрі-дәрмек алу жөнінде ақпарат беретін қысқа нөмір іске қосылды

Қазақстанда «1439» бірыңғай қысқа нөмірі іске қосылды. Байланыс орталығының операторлары диспансерлік тіркеуде тұрған және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде амбулаторлық ем алатындарға тегін босатылатын қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізу мерзімі, көлемі және жоспарланған күні туралы ақпарат береді.

«СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріптің айтуынша, байланыс орталығы дәрі жеткізу туралы халықты хабардар ету үшін ғана емес, сонымен бірге дәрі жеткізудің не себепті кешіктірілетінін түсіну үшін де қажет.

Дәрі-дәрмекті жеткізудегі кідірістер туралы шағымдар үнемі туындайды. Сондықтан халықтың дәрі алуындағы кідіріс себептерін түсіну емделушілер үшін ғана маңызды емес. Бізге осы мәселелерді жүйелі түрде шешу және болашақта оған жол бермеу үшін кідірістердің қай кезеңде болатынын түсіну керек, — дейді Берік Шәріп.

контакт-центр каз
Фото: «СҚ-Фармация» баспасөз қызметі

Бірыңғай дистрибьютор басшысының айтуынша, байланыс орталығының қысқа нөмірін іске қосу — бұл денсаулық сақтауды цифрландыру шеңберінде компания жүзеге асырған бірнеше жобаның бірі. Тағы бір жоба — емханаларда дәрі-дәрмектің бар-жоғын білдіретін электрондық анықтама.

Анықтама емделушілердің өздеріне онлайн режимде дәрілік қамтамасыз ету бойынша барлық деректі: қандай дәрі-дәрмекке медициналық ұйым өтінім бергенін, онда қашан және қандай көлемде дәрілер түскенін, қазіргі кезде олардың бар не жоқ екенін, дәрі-дәрмектің келесі жеткізу мерзімі қашан екенін көруге болады, — дейді Берік Шәріп.

Жоба бірыңғай дистрибьютордың сайтында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылады.