Қазақстанда қанша науқас тегін дәрі-дәрмекпен қамтылды?

3,5 миллионнан астам қазақстандық тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі  шеңберінде халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша және Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық саланың жай-күйі мен дамуы туралы брифингте мәлімдеді.

Елжан Біртановтың мәліметінше, дәрі-дәрмекпен тегін және жеңілдікпен қамтамасыз ету жүйесі Денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2005 жылдан бастап жұмыс істейді. Қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен жүзеге асырылады.

2010-2018 жылдар аралығында медициналық препараттарды бірыңғай дистрибьютор арқылы сатып алу 31,3 миллиард теңгеден 196,6 миллиард теңгеге дейін өсті, осылайша құрылған сәттен бастап жалпы үнем 87,6 миллиард теңге болды.

Министр 2018 жылға дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды орталықтандырып сатып алудың мәртебесіне тоқталды. Бірыңғай дистрибьютордың 2018 жылға арналған тізімінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың барлығы 1 117 атауы бар. Олардың ішінде 633 атауы стационарлық көмек көрсетуге арналған, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін – 484 атау. Осылайша «СҚ — Фармация» ЖШС қоймасына 2018 жылғы 10 қыркүйектегі жағдай бойынша дәрі-дәрмек пен медицина бұйымдарының 1069 атауы жеткізілді. Бұл ретте, С вирустық гепатитін емдеуге арналған «Софобувир» препараты осы препараттың БҰҰДБ халықаралық ұйымы арқылы сатып алынуына байланысты қыркүйек айында жеткізіледі.

2018 жылға арналған амбулаториялық деңгейдегі дәрілік заттарды жіберу 8 өңірде (Атырау, Алматы, Қарағанды, Павлодар, ШҚО, СҚО, Астана және Алматыда) МСАК жанындағы дәріханалар арқылы жүзеге асырылып жатыр (рецептіні бір жерден жазу және жіберу), бұл Дәрілік заттардың қолжетімдігін қамтамасыз ету және халықтың медициналық көмекпен қанағаттану деңгейін арттыру саясатына сәйкес келеді. Қалған 8 өңірде (Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, БҚО, ОҚО) дәрілік заттарды жіберу бөлшек сауда дәріханалары арқылы іске асырылады. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды халыққа МСАК жанындағы дәріханалар арқылы босату бюджет қаражатын айтарлықтай үнемдеді (6,0 миллиард теңге), олар медициналық препараттардың қосымша көлемін сатып алуға қайта жіберілді. Тиісінше, халықты тегін медициналық препараттармен қамту ұлғайды, — деп мәлімдеді министр.

Елжан Біртановтың айтуынша, мысалы, қант диабетімен сырқаттанатын ауруларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін Бірыңғай дистрибьютордың 2018 жылға арналған тізіміне дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың 48 атауы кіреді.

Бүгінгі таңда қант диабетімен сырқаттанатын адамдарды емдеу үшін дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың барлық атауы сатып алынды. Бұдан басқа, жедел ден қою үшін «СҚ Фармация» қоймаларында дәрі-дәрмек жетіспеген жағдайда дәрілік заттардың төмендемейтін қоры құрылды, ол қажеттігіне қарай кез келген сәтте медициналық ұйымдарға жіберіледі. Бірыңғай дистрибьютор Денсаулық сақтау басқармаларынан өтінім жасалған қажеттілікке сәйкес инсулиндік помпалар үшін шығындау материалдарын қосымша сатып алуды жүргізді, оларға «Медтроник» ЖШС 186 инсулиндік помпаны тегін жеткізеді. Сонымен қатар бірыңғай дистрибьютордың 2019 жылға арналған сатып алу тізімінде жаңадан анықталған пациенттер мен істен шыққан помпалары бар пациенттер үшін әрбір 12 жинаққа бір помпадан тегін беру көзделгенін хабарлаймын, — деді ол.

Министрдің айтуынша, Бірыңғай дистрибьютордың 2019 жылға арналған тізімі 2018 жылғы шілдеде бекітілді.

Тендер Мемлекеттік сатып алу порталында жарияланды және электрондық форматта жүргізіледі. Сатып алу қорытындысы биылғы 17 қазанда жасалады және Бірыңғай дистрибьютордың қоймасына биылғы қараша-желтоқсан айларында жеткізіледі. Барлығы дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарға сомасы 203,5 миллиард теңгеге өнім берілді. Қазіргі заманғы емдеу схемасына сәйкес туберкулез, АИТВ нозологиялары бойынша дәрі-дәрмектің жаңа атаулары қосылды. Муковисцидозбен ауыратын балалар үшін «Креон» сатып алынатын болады.  Трансплантталған ағзаларды қабылдамау қаупін ескерту үшін микофенол қышқылын сатып алу Сауда атаулары бойынша жүзеге асырылады, — деді ол.

Елжан Біртанов дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың сапасын бақылау ДЗСҰО зертханаларында жүзеге асырылатынын айтты, онда зертханалары бар 7 филиал және Алматыда орналасқан 1 сынақ орталығы бар. ДЗСҰО барлық зертханасы халықаралық стандарттарға сәйкестігіне аккредиттелген.

Министр Мемлекет басшысының тапсырмасына сай отандық тауарөндірушілерді мемлекеттік қолдау бойынша фармөндірісті құруға және дамытуға бағытталған жоспарлы және жүйелі жұмыстың, оның ішінде дәрі-дәрмек жеткізудің 10 жыл мерзімге ұзақмерзімді шарт жасасу арқылы жүзеге асырылып жатқанын айтты. Бүгінгі таңда «СК-Фармация» ЖШС 1 612 атауды (1050 дәрі-дәрмек және 562 медициналық бұйым) жеткізуге 50 ұзақмерзімді шарт жасасты, бұл қолданыстағы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналған дәрі-дәрмек Тізімінің шамамен 73%-ына тең.

Денсаулық сақтау министрі ведомство халыққа тегін берілуі тиіс дәрі-дәрмектің сатылымға шықпауын қадағалайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, науқастар тегін дәрі-дәрмекті алғанын SMS немесе мобильді қосымша арқылы растауы тиіс.

SMS-хабарлама бойынша өткен жылы жүргізілген пилоттық жоба келесі жылы іске қосылады. Адамдардың SMS-пен растауына қарап отырып, тегін дәрі-дәрмектің сатылып кетпей, науқастың қолына тигеніне көз жеткізіп едік. Сонымен бірге келесі жылы арнайы мобильді қосымша шығарамыз. Онда науқас өз рецептілерін көріп, дәрінің уақытылы жеткенін министрлікке хабарлай алады, — деді Елжан Біртанов.

Министр тегін дәрі-дәрмекті уақытында ала алмаған науқастардың Фармация комитетінің жергілікті департаментіне шағымдануы керек екенін айтты. Барлық факті міндетті түрде тексеріліп, қажетті әкімшілік және құқықтық шешімдер қабылданады.