Басты бет / Жаңалықтар /
aa564d984f197730c358afbc7b8a7b7d Азиада-2018: Маргарита Мұқашева - күміс медаль иегері
Маргарита Мұқашева. Фото: Сали Сабиров

Азиада-2018: Маргарита Мұқашева — күміс медаль иегері

Қазақстандық жеңілатлет Маргарита Мұқашева 2018 жылғы Жазғы Азия ойындарында 800 метрге жүгіруден күміс медальді жеңіп алды.

Ұлттық Олимпиада комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл бағдарламаның финалында Маргарита 2:02.40 көрсеткішімен мәреге жетті. Ол 2:01.80 көрсеткішіне ие болған қытайлық Чунь Ваннан қалып қойды. Үшінші орынды Бахрейн желаяғы Манал Эльбахруи иеленді — 2:02.69.

Маргарита Мұқашева үшін биылғы Азиада жүктілігіне байланысты демалыстан кейінгі алғашқы ірі халықаралық біріншілік болып отыр. Ол әр жылдары Азия ойындарында 2 алтын, 2 күміс медаль иеленген.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram