Не болды?
30 маусымнан бастап Алматыдағы Қарасай батыр мен Құлымбетов көшелерінде жаңа қозғалыс сызбасы бекітілді. Алмалы ауданындағы жаңа көлік бағыты пилот режимде енді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Көлік қозғалысының жаңа бағыты кептелісті азайтуға және жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған. Пилот жобаның тиімділігін бақылап, мониториң бойынша жаңа қозғалысты одан әрі ұйымдастыру туралы шешім қабылданады, — делінген хабарламада.
Контекст
Естеріңізге салайық, 1 шілдеге дейін Астанадағы екі көшеде көлік қозғалысы шектеледі.
