Мазмұнға өту
Басты бет / Білім /

Жаңа Конституцияға сай жаңа оқулықтар мектепке 30 тамызға дейін жеткізіледі

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Не болды?

Жаңа Конституцияға сай жаңа оқулықтар мектепке 30 тамызға дейін жеткізіледі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың үкімет отырысындағы сөзіне қарағанда, жаңа Конституцияға сай мазмұны жаңарған 3 және 7-класс оқулықтары мектепке 30 тамызға дейін жеткізіледі. Ал 4 және 9-класқа арналған жаңа оқулықтар 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін, 8-кластың оқулықтары 1 сәуірге дейін мектепке тапсырылады. 9-класқа арналған құқық негіздері пәні оқулығының мазмұны биыл толық жаңарып, 2027 жылдың басында оқушыларға беріледі.

Оқулықтардың тәрбиелік әлеуеті, мазмұны нығайды. Кітапқа құқық мәдениеті, азамат жауапкершілігі, еңбекқорлық, отансүйгіштік, экология туралы сана және ұлттық құндылықтарды енгіздік. Білім мазмұнының жаңаруымен қатар оқулықты әзірлеу және сараптау жүйесі де жаңа деңгейге көшіп жатыр, — деді Жұлдыз Сүлейменова.

Контекст

Естеріңізге салайық, тоғыз жыл бойы жаңармаған, қазір қолданыстағы мектеп оқулықтарынан 700-ден астам қате табылған. 

Мақалаға реакция