Басты бет / Жаңалықтар /
ХҚО, ХҚКО
Фото: Еgov.kz

6 шілде күні ХҚО-лар қалай жұмыс істейді?

Астана күніне орай 6 шілдеде халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚО) мен мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істемейді. Ал 4 шілдеде азаматтарды тек кезекші орталықтар қабылдайды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Астана күніне байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесіне өзгерістер енгізілді.

4 шілдеде азаматтарға қызмет көрсету тек кезекші орталықтарда жүзеге асырылады. Кезекші ХҚО-лар 09:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал кезекші мамандандырылған ХҚО-лар өтініштерді 09:00-ден 12:00-ге дейін қабылдап, дайын құжаттарды 13:00-ге дейін береді.

6 шілдеде, Астана күні мерекесіне орай, барлық ХҚО мен мамандандырылған ХҚО жұмыс істемейді.

7 шілдеден бастап барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары әдеттегі жұмыс кестесіне көшеді.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook