Басты бет / Жаңалықтар /
сайлау, референдум
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Құрылтай депутаттарын сайлау: негізгі мерзімдер белгілі болды

Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындықтың күнтізбелік жоспарын жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Құжат бойынша, партиялық тізімдерді ұсыну 2 шілдеде басталып, дауыс беру 23 тамызда өтеді.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлау 1 шілдеде тағайындалған. Ал 2 шілдеден бастап 13 шілде сағат 18:00-ге дейін саяси партиялар кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсына алады.

Партиялық тізімдерді тіркеу 23 шілде күні сағат 18:00-ге дейін жүргізіледі.

Сонымен қатар 11 шілдеге дейін аумақтық сайлау комиссияларының құрамы мен олардың орналасқан жерлері жарияланады. Ал 16 шілдеге дейін учаскелік сайлау комиссияларының құрамы, сайлау учаскелерінің шекаралары және комиссиялардың орналасқан жерлері белгілі болады.

Сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары 23 шілде сағат 18:01-де басталып, 22 тамыз сағат 00:00-де аяқталады.

2 тамызда учаскелік сайлау комиссияларына сайлаушылардың тізімі беріледі. Ал 7 тамыздан бастап азаматтар өздері туралы мәліметтердің сайлаушылар тізіміне дұрыс енгізілгенін тексере алады.

22 тамыз – тыныштық күні болып белгіленген. Ал Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру 23 тамызда өтеді.

Айта кетейік, Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook