Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қостанай, Атырау мен Батыс Қазақстан облысындағы теміржол вокзалдары жаңарды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Не болды?

Қостанай, Атырау мен Батыс Қазақстан облысындағы теміржол вокзалдары жаңарды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Көлік министрлігінің мәліметінше, Қостанай облысында 1961 жылы салынған Аманқарағай және 1949 жылы салынған Құсмұрын вокзалдарында жөндеу жұмысы аяқталды. Ғимарат толық жаңарып, шатыры мен инженерлік желілері ауысып, ішкі және сыртқы әрлеу жұмысы жүргізілді. Вокзалдың іргелес аумағы абаттандырылды. Бұл өңірде 13 жолаушы пойызы қатынайды.

Атырау облысында Ганюшкино және Аққыстау вокзалдары да жаңарды. Ғимараттың қасбеті мен ішкі үй-жайы ауысып, жаңа жиһаздар мен жабдықтар орнатылды. Ганюшкино вокзалының ауданы 250-ден 713 шаршы метрге дейін, ал Аққыстау вокзалы 202-ден 215 шаршы метрге дейін ұлғайды. Бұл аймақта 9 жолаушы пойызы жүреді.

Батыс Қазақстан облысында қайта жаңартудан кейін 1916 жылы салынған Семиглавый Мар вокзалы ашылды. Ғимараттағы инженерлік коммуникация жаңарып, іргелес аумақ абаттандырылды. Облыста 22 жолаушылар пойызы жүреді.

Контекст

Естеріңізге салайық, ШҚО-дағы Риддер мен Шемонаиха теміржол вокзалдары пайдалануға берілді.

Мақалаға реакция