Оңтүстікте түнде және таңертең дауыл тұрады. Еліміздің батысында, оңтүстік-батысында және шығыс бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей аймақтарда жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең жекелеген аумақтарда тұман түседі.
Ақмола облысында күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. Түнде және таңертең тұман түседі.
Қызылорда облысында түнде және таңертең дауыл тұрып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Қостанай облысында 15-20 м/с жылдамдықта жел соғып, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Жамбыл облысының кей жерлерінде күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.
Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарында күн ысиды, кей жерлерде аптап ыстық болады.
Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.
Маңғыстау облысында, Қызылорда облысының басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан облыстарының кей жерлерінде өрт шығу қаупі жоғары.