Су тасқынынан Солтүстік Қазақстанда жол жабылды

Кеше сағат 19:00-ден бері 525-530 шақырым тасжолы жеңіл көліктер үшін жабылды. Жолдың жабылуына Есіл өзеніндегі су деңгейі көтеріліп, су тасқынының болуы себеп болған.

Петропавл қаласы арқылы айналма жолдың бар екендігі хабарланды.

Еске салайық, бұдан бұрын «Қазгидромет» РМК филиалының директоры Қымбат Мерғалымова 29 сәуір — 2 мамыр арылығында су тасқыны күшейіп, судың деңгейі 1060 сантиметрге жететінін ескерткен болатын.

Дереккөзkazinform.kz