Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Ұялы байланыс тарифі өскеннен кейін мобайл интернетті қолданатындар азайды

Фото: Kapital.kz

Не болды?

Қазақстанда кейінгі кезде мобайл интернетті қолданушылар саны айтарлықтай азайды. Сарапшылар бұл өзгерісті ұялы байланыс тарифінің қымбаттауымен байланыстырды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Energyprom жариялаған дерек бойынша, 2026 жылдың қаңтарында мобайл интернет абонентінің саны 19,2 миллионнан 18,1 миллионға дейін төмендеген. Ақпан айында бұл көрсеткіш тағы азайып, 17,8 миллион болды. Кейінгі айларда қолданушылар саны біршама өсіп, мамырдың қорытындысында 18,2 миллионға жеткен. Алайда көрсеткіш былтырғы деңгейге жете қойған жоқ.

Сарапшылардың пікірінше, қолданушылар санының күрт қысқаруы ұялы байланыс қызметі құнының өсуіне байланысты. 2026 жылдың қаңтарында операторлар абоненттік төлемді 2025 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда орта есеппен 8,7% көтерген. Ал мамыр айындағы жылдық көрсеткіш бойынша қоңырау, SMS және мобайл интернет кіретін тариф жоспарының бағасы 10% өскен. Сонымен қатар интернет пен теледидар біріктірілген пакеттің құны 2,7% , ал үйдегі интернет қызметі 2,3% қымбаттаған.

Ал стационарлық телефон байланысы нарығында керісінше төмендеу байқалады. Кейінгі бір жылда тіркелген телефон желісінің саны 11,4% азайып, жергілікті телефон байланысы қызметінің көлемі шамамен 8% қысқарған.

Контекст

Естеріңізге салайық, Қазақстан үй интернеті арзан 20 елдің қатарына енді. Алайда халық интернет сапасына наразы.

Мақалаға реакция