Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Бүгін еліміздің бірнеше аймағында өрт қаупі басым

Фото: Нұрназар Әмзе/Baribar.kz
«Қазгидромет» РМК синоптиктері елімізде өрт қаупі басым деп ескерту жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

29 маусымда Қарағанды, Алматы, Ұлытау, Абай облыстарында, Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Павлодар облысының батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында, Қызылорда облысының орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Жетісу облысында, Қызылорда облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, Ақмола облысының шығысында, орталығында, Павлодар облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, оңтүсттігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, орталығында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында, Абай облысының батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Мақалаға реакция