10 облыста автожолдар жабық

Астана мен Ақмола облысында кеше 19:00-ден бастап ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты барлық бағыт бойынша дизельдік және қоғамдық автокөліктер қозғалысына шектеу қойылды.

Ақтөбе облысында 18:30-дан бастап, «Самара-Шымкент» (526-1240 км), «Қарабұтақ-Комсомольск-Қостанай» (0-234 км), «Ақтөбе-Ор» (39-135 км), «Ақтөбе-Мәртөк-Орынбор» (24-99 км) автожолдарында дизельдік және қоғамдық автокөліктер қозғалысына шектеу қойылды.

Алматы облысында 26 қаңтарда 19:00-ден бастап, ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты «Алматы-Өскемен» (558-615 км) автожолында дизельдік және қоғамдық автокөліктер қозғалысына шектеу қойылды.

Шығыс Қазақстан облысында аязды ауа райына байланысты барлық бағыт бойынша дизельдік және қоғамдық автокөліктер қозғалысына шектеу қойылды.

Батыс Қазақстан облысы мен Ақтөбе облысында қатты аязға байланысты «Самара-Шымкент» (392-526 км) автожолында дизельдік және қоғамдық автокөліктер қозғалысы шектелді.

Қарағанды облысында да қатты аязға байланысты барлық бағыт бойынша дизельдік және қоғамдық автокөліктер қозғалысы тоқтатылды.

Қостанай облысында 26 қаңтар 19:00-ден бастап, ауа райы жағдайының нашарлауынан «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» (7-232 км), «Екатеринбург-Алматы» (555-729 км), «Мәмлүт-Қостанай» (180-404 км), «Жезқазған-Петропавл» (340-377 км), «Қарабұтақ-Комсомольская-Денисовка-Рудный» (231-503 км) автожолдарында дизельдік және қоғамдық автокөліктер қозғалысына шектеу салынды.

Қызылорда облысында кеше19:30-да ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты (ауа температурасының төмендеуі, қатты жел) «Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы» (12-216 км) автожолында дизельдік және қоғамдық автокөліктер қозғалысы шектелді.

Сондай-ақ, 18:40-та суыққа байланысты «Самара-Шымкент» автожолының 1363 — 1240 шақырымында дизельдік және қоғамдық автокөліктер қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Павлодар облысында 26 қаңтар күні 19:00-де ауа райы жағдайының нашарлауына (қатты аяз) байланысты барлық бағыт бойынша дизельдік және қоғамдық автокөліктер қозғалысына шектеу қойылды.

Солтүстік Қазақстан облысында 20:00-де қатты аяздан барлық бағытқа дизельдік және қоғамдық автокөліктер қозғалысына шектеу қойылды.