Ақтөбеде автобустарға бейнекамералар орнатылды

Әр қоғамдық көлікке 3 бейнебақылау камерасы орнатылған. 2018 жылы сатып алынатын 80 қоғамдық көлік те бейнебақылау жүйесіне қосылады.

Жолаушылар тасымалымен айналысатын компания өкілі Батырбек Қуантхановтың айтуынша, бейнекамералар қалта ұрлығының алдын алып, қылмыскерді ұстауға септігін тигізеді. Сонымен қатар, «ақылды қала» жобасы аясында электронды билет жүйесін енгізу үшін де бейнебақылау қажет. Мамандар камераның жолаушыларды бақылап, көлікте орын алатын мәселелерді анықтауға болатындығын айтады.

Дереккөз24.kz