Сабақ болмайды
©Kirovnet.ru

«Ауа температурасының -25 градусқа дейін төмендеуіне байланысты Алматы қаласында 27 қаңтар күні білім басқармасы басшылығының бұйрығымен 5-11 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды. 1-4 сынып оқушылары бескүндік оқу жүйесіне байланысты сенбі оқымайды», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, синоптиктер осы апта соңында Алматыда аяз күшейетінін ескерткен болатын. Мамандардың болжауынша, жұма мен жексенбі күндері ауа температурасы күндіз -25, түнде -36 градусқа дейін түседі.

29 қаңтардан 30 қаңтарға дейін Оңтүстік аймақтарда түнгі температура -21-35  градустан -5-13°C, күндіз -15 -2-ден -2 + 3°C дейін көтеріледі.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!