Астанадағы ауа райына байланысты вокзал мен әуежайдың автотұрағы тегін болады

«Қолайсыз ауа райына байланысты, атап айтқанда қатты аяз кезінде теміржол вокзалындағы автотұрақ пен халықаралық әуежайдағы ашық автотұрақ тегін болады. Ауа температурасының төмендеуіне байланысты ашық автотұрақтардың кіре берісі мен шыға берісіндегі шлагбаумдардың жұмысы уақытша тоқтатылады. Ауа температурасы -40 градус болған жағжайда шлагбаумдар істен шығып, көлік кептелісі болуы мүмкін. Жолаушыларды шығарып салушылар мен күтіп алушылардың уақытын үнемдеу мақсатында шлагбаумдар ашық болады және ашық тұраққа көлік қойылған сәттен бастап тегін болады», — деп хабарлады компания.

Айта кететіні, елордадағы халықаралық әуежайда жабық автотұрақ та бар, оның тарифтері бұрынғыдағыдай өзгеріссіз қалады, яғни: күндізгі сағат 12-ге дейін автотұрақты пайдалану – 1400 теңге, сағат 12 мен 24 аралығында – 2000 теңге, келесі тәулікте 1800 теңге болады.

Дереккөзbnews.kz