WhatsApp миллиондаған смартфонда жұмыс істемейтін болды

«Біз 2017 жылдың 31 желтоқсанынан BlackBerry ОС пен BlackBerry 10 смартфондарында, Windows Phone 8.0 жүйесінде, Nokia S40, 2.3.7 нұсқасы бар Android жүйесінде жұмыс істемейміз», — дейді мессеннджердің баспасөз қызметі.

Мессенджер өкілдерінің айтуынша, жоғарыда көрсетілген платформаларда WhatsApp функциясын жетілдіре алатын мүмкіндіктер жоқ. Сондай-ақ, олар бұл платформалардың жақын арада жаңартылмауына байланысты онда WhatsApp-тың кейбір функцияларының кез келген уақытта істемей қалуы мүмкін екенін айтады. Сонымен қатар, компанияның баспасөз қызметіндегілер ендігіде WhatsApp мессенджері Windows Phone 7, iPhone 3GS/iOS 6 және Nokia Symbian S60 платформаларында мүлде жұмыс істемейтінін еске салды. «Бұл телефондарда сіз жаңа аккаунт ашып немесе тіркелген аккаунтыңызды растай алмайсыз».

Дереккөзtengrinews.kz