Өзбекстанның төл мессенджері жүйеге қосылмақ

«Өзбектелеком» компаниясы филиалының директоры Марат Фаттаховтың айтуынша, мессенджер екі ай көлемінде бета-сынақ деңгейінен өтеді.

«Ол әзірге жаппай қолданысқа шыққан жоқ. Екі айдың көлемінде бета-сынақ деңгейіне өтеміз. Келесі жылы оны ресми түрде көпшілікке таныстырамыз» деді, — «Өзбектелеком» компаниясы филиалының директоры Марат Фаттахов.

Компания бір уақытта 1 миллион қолданушыға қызмет көрсетуге әзір.

Айта кетейік, бұған дейін республикада әлеуметтік желілердің «Одноклассники» және Facebook-ке балама түрлері жасалған, бірақ олар өзбекстандықтар арасында аса танымал бола қойған жоқ.

ДереккөзAzattyq.org