WhatsApp жаңа функцияны іске қоспақ

Бұл туралы Hi-tech хабарлады. Хабарламада аталған нұсқа бұрынғысынан өзгеше болады делінген. Алғаш Рush-to-talk дыбыстық хабарламасы 2013 жылы іске қосылған болатын. Содан бері еш нәрсе өзгермеген. Енді сервисте күрделі өзгерістер болмақ.

Қолданушы дыбыстық хабарлама жаза бастағанда микрофонның орнына жаңа шығып тұратын интерфейсті пайдалана алады. Демек, енді микрофонды саусақпен басып тұрудың қажеті болмайды.

Сонымен қатар, бұрындары жазған хабарламаларды дыбыстық хабарлама жазып отырып қарай беруге болады. Бірақ, дыбыстық хабарлама жазу барысында фотолар мен видеоларды көре алмайсыз. Сонымен қатар дыбыс жазу кезінде хабарлама жазып немесе басқа чатқа өтуге болмайды. Ондай жағдайда сіздің дыбыстық хабарламаңыз өшіп қалады. Қазіргі уақытта жаңа функция тестілеуден өтіп жатыр.

Жаңа жүйені қолдану нұсқаулығын WABetaInfo сайтынан көруге болады.