ЭКСПО аумағы мұз қалашығына айналады

Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017 ҰК» АК коммерцияландыру департаментінің директоры Дәулет Еркімбаев мәлімдеді.

«11 қараша күні ЭКСПО қалашығында мұз айдыны ашылады. Оның жалпы аумағы 3500 шаршы метрді құрайды. Пішіні де ерекше, елімізде бұған дейін дәл мұндай мұз айдыны болған емес», — деді ол.

Көрме аумағында сондай-ақ еліміздің бас шыршасы мен мұз қалашығы тұрғызылмақ.

Мұз айдынына кіру билеті бір сеанс үшін 1000 теңге. Бір сеанс уақыты орта есеппен 4 сағат. Жаңа конькилерді жалға алу құны 1000 теңге.

Мұз айдынына 6 жасқа дейінгі балаларға кіру тегін, ал оқушылар мен зейнеткерлерге 50% жеңілдік қарастырылған.

ДереккөзBaq,kz