Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Freedom банкі «Шахмат» бөлімін іске қосты. Әлем чемпиондарына жоғары кешбэк береді

Фото: Freedom банкі
Freedom банкі Freedom SuperApp мобайл қолданбасының ішінде цифрлық экожүйенің мүмкіндіктерін көбейтуді жалғастырып жатыр. Негізгі экранда және қызметтердің жалпы каталогында жаңа — «Шахмат» мамандандырылған бөлім қосылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Шахмат ойнап, турнир кестесін бақылауға болады

Бөлім ішінде пайдаланушылар өз бетінше шахмат ойнай алады және негізгі шахмат оқиғасын бақылай алады: өзекті турнирлік кестелерді жедел қарау, нақты уақыт режимінде негізгі халықаралық жарыстар мен онлайн-трансляциялардың барысын бақылау.

Бөлімнің іске қосылуы жас шахматшылар арасында бірден екі ірі әлемдік турнирдің өткізілуімен тұспа-тұс келді. 2026 жылдың 15-26 маусымы аралығында итальяндық Монтесильванода U14, U16 және U18 жас санаттары бойынша FIDE World Youth Championships 2026 әлем чемпионаты өтті. Осы күндері Батумиде (Грузия) U8, U10 және U12 санаттары бойынша қатысушылар арасында FIDE World Cup әлем кубогы өтті.

Екі турнирдің барысы мен қазақстандық спортшылардың жетістіктерін жанкүйерлер Freedom SuperApp қосымшасының жаңа бөлімінде тікелей эфирде тамашалай алды.

Турнир жүлдегерлеріне кешбэк беріледі

Freedom үшін шахматты қолдау және танымал ету — ең маңызды бастама және шынымен сүйікті іс. Монтесильвано мен Батумидегі чемпионатқа қатысушыларға Freedom Банкі Freedom SuperApp ішінен сатып алулар үшін қолма-қол ақшаны қайтарып беретін арнайы ұсынысты іске қосты. Оның шеңберінде Қазақстаннан келген екі турнирдің әрбір қатысушысына және олардың ата-аналарының біріне 200 000 теңгеге дейінгі лимитпен 30% мөлшерінде кешбэк беріледі.

Турнир жүлдегерлері үшін одан да үлкен кешбэктер:

  • қола жүлдегерлер — 1 000 000 теңгеге дейінгі лимитпен 50% кешбэк;
  • күміс жүлдегерлер — 2 000 000 теңгеге дейінгі лимитпен 70% кешбэк;
  • алтын жүлдегерлер – 3 000 000 теңгеге дейінгі лимитпен 100% кешбэк қарастырылған.

18 жасқа толмаған қатысушылар мен жеңімпаздарға Power Card ашуға болады

Арнайы ұсынысқа қатысу үшін Freedom картасының ұстаушысы болу керек: ата – аналар, кәмелетке толған қатысушылар мен жеңімпаздар – Super Card, ал 18 жасқа толмаған қатысушылар мен жеңімпаздар үшін Power Card балалар картасы. Осы және басқа Freedom карталарын Freedom SuperApp қосымшасында бірнеше минут ішінде онлайн режимінде жасауға болады. Шахматшылар мен олардың ата-аналары бір жыл ішінде арнайы ұсынысты пайдалана алады. Ол тек Freedom SuperApp-тағы «Сервистер/Қызметтер» бөлімі арқылы жасалған төлемдерге қолданылады.

«Біздің Freedom SuperApp ішінде шахмат сервисінің іске қосылуы – осы асыл спортты кеңінен насихаттаудың тағы бір құралы. Біз Монтесильвано мен Батуми қалаларында өткен чемпионаттарда Қазақстан туын абыроймен қорғаған жас спортшыларымызды шын жүректен мақтан тұтамыз». Freedom банк тек олардың жетістіктерін насихаттаумен ғана шектелмей, жас спортшылар мен олардың ата-аналарына қолдау көрсетуді де мақсат етеді. Спортшыларды ынталандыруға бағытталған біздің бастама — олардың еңбегіне деген терең құрметтің белгісі және жеңіске деген темірдей қажырлылық жігері үшін лайықты марапат», — деп атап өтті Freedom банк Директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жұмағұлов.

Мақалаға реакция