«Қазгидромет» РМК синоптиктері 29 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Солтүстік-батыс циклоны, және сонымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен, ҚР барлық аумақтарында тұрақсыз ауа-райы сақталады, найзағайлы жаңбыр, бұршақ пен дауыл, жекелеген аудандарда – қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстік-шығыста жел шаңды дауылмен болады, республикамыздың солтүстік-батысында, солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі, — делінген хабарламада.
Күндіз Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында 36-37 градус қатты ыстық күтіледі.
Маңғыстау облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 01 шілдеде жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Қарағанды облысының батысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде, күндіз облыстың батысында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, күндіз облыстың оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, облыстың шығысында, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, облыстың оңтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.
Атырау облысында жаңбыр, найзағай, облыстың шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында қатты жаңбыр, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші түнде облыстың орталығында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында 23 м/с күтіледі.
Қостанай облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі.
Жетісу облысында жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі.
Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 01 шілдеде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
