Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Абай облысында құрғақ шөп пен қамыс жанып, 30 гектар аумақ өртенді

Көрнекі сурет. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Не болды?

Абай облысындағы Үржар ауданында құрғар шөп пен қамыстан өрт шықты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне қарағанда, Сасықкөл көлінің жағалауында, шамамен 30 гектар аумақта құрғақ шөп пен қамыс өртенген. Аумақ батпақ болғандықтан көлдің жағасына жету оңай емес. Өртті сөндіру үшін құтқарушылар мен техника жедел жіберілді. Өрт аумағына қажет техникаларды апара алмағандықтан өртті сөндіру қиын болып жатыр. ТЖМ құтқарушылары өртті оқшаулап, сөндіруге тырысып жатыр. 

Контекст

Естеріңізге салайық, еліміздің бірнеше өңірінде өрт қаупі басым болып тұр. 

Мақалаға реакция