Медеу мұз айдыны қашан ашылады?

Медеу мұз айдыны 21 қазан күні ашылады. Жаңа маусымның ашылуына орай түрлі шаралар ұйымдастырылады.

Негізгі саxнада кішігірім концерт болады. Сағат 12:00 -15:00 және 19:00 – 22:00 аралығында «Medeu band» тобы өнер көрсетеді. Ал кішкентай бүлдіршіндер xаскилермен естелік суретке түсіп, аниматорлар мен клоундармен бірге көңіл көтере алады. Ал жүргізуші Мұрат Мұтырғанов келушілерге меркелік көңіл күй сыйлайтын болады.

Медеу мұз айдыны биыл 45 жылдығын тойлайды. Мұзайдын әкімшілігі бұл маусымның ерекше болатынын атап өтті. Сондай-ақ, «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасы аясында коньки тебуді тегін үйрету, қысқы фестивальдер және тағы да басқа шаралар жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, енді мұзайдынға «Оңай» жол жүру картасымен кіруге болады.