Басты бет / Жаңалықтар /
LRT, Tarlan Astana, Астана ЛРТ
Фото: Ақорда

Астанадағы LRT-ге ресми түрде Tarlan Astana атауы берілді

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесіне Tarlan Astana атауын беру туралы қаулыға қол қойды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Тиісті қаулы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланды.

Астананың жеңіл рельсті көлік жүйесіне Tarlan Astana атауы берілсін», – делінген құжат мәтінінде.

Сонымен қатар қаулымен Астананың тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысына осы қаулыны іске асыруға байланысты қажет іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram