ЭКСПО-да таныстырылған 105 жоба Қазақстанда жүзеге асырылады

Арнайы құрылған комиссия дәл осынша тың технологияны іріктеп алып, жүзеге асыруға шешім қабылдады, деп хабарлады «Хабар» арнасы.

42 жобаны қазақстандық компаниялар қолданысқа енгізеді. 14 технологияны іске асыру еліміздегі жоғары оқу орындарының еншісінде. Ал қалған 12 жобаға әкімдіктер жауапты.

Осыған орай бүгін Үкіметте арнайы баспасөз мәжілісі өтеді. Оған Ақтау, Қарағанды және Қостанайдағы жоғары оқу орындарының басшылары келеді.