Ресей мен Қазақстан ынтымақтастық форумының сайты іске қосылды

2017 жылы 9 қараша күні Челябі қаласында өтетін өңіраралық ынтымақтастық форумына Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуы күтілуде. Форумның негізгі тақырыбы адам капиталын дамыту болмақ.

«Челябідегі Ресей — Қазақстан форумы алғаш рет 2005 жылы өткен болатын. Шараны тағы бір мәрте ұйымдастыру біз үшін құрмет. Алғашқы форумнан бері қала да, өңір де өзгерді, жаңа экономикалық мүмкіндіктер туды, Ресей мен Қазақстанның іскерлік және гуманитарлық байланыстары, мемлекеттер басшыларының достық қатынастары жаңа деңгейге көтерілді. Мұндай форумдар бір-бірімізді жақындата түсуге тағы бір қадам», — делінген губернатор Борис Дубровскийдің ресми сайттың ашылуына орай жолдаған құттықтауында.

ДереккөзInform.kz