Басты бет / Жаңалықтар /
fd39fd602ada7aec80e2241c46d8d719 Әлеуметтік мәселелер неге әлі күнге өзекті? Тоқаев үкіметке тапсырма берді

Әлеуметтік мәселелер неге әлі күнге өзекті? Тоқаев үкіметке тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Кездесуде мәдениет, ақпарат және әлеуметтік саясаттағы жұмыстар талқыланып, президент өзекті әлеуметтік мәселелерді жедел шешу үшін ведомстволардың жұмысын күшейтуді тапсырды.

Кездесу барысында Аида Балаева президентке жаңа Конституция ережелерін іске асыру, заңнаманы жаңарту, мемлекеттік ақпараттық саясатты жетілдіру және цифрлық кеңістікті дамыту бағытындағы жұмыстар туралы баяндады.

Сонымен қатар азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылды нығайту, отбасы және жастар саясаты, волонтерлік қызмет пен қоғамдық бақылауды дамыту мәселелері сөз болды.

Вице-премьер мәдени инфрақұрылымды жаңғырту, жаңа білім беру, ғылыми-ағартушылық және шығармашылық нысандарын ашу, дәстүрлі өнерді қолдау және білікті кадрлар даярлау жөніндегі ұсыныстарын таныстырды.

Бұдан бөлек, білім беру, ғылым, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, спорт және туризм салаларын дамыту, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, цифрлық шешімдерді енгізу және әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдіру бағытындағы жұмыстар туралы ақпарат берілді.

Президент үкіметтің мәдениет, ақпараттық саясат, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету және денсаулық сақтау салаларындағы атқарған жұмысына оң баға берді. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев өзекті әлеуметтік мәселелерді жедел шешу үшін тиісті ведомстволардың жұмысын одан әрі жандандыру қажет екенін атап өтті.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok