Нұрсұлтан Назарбаев «Байқоңыр» ғарыш айлағына арналған жоспармен танысты

«Ресеймен жасалған уағдаластықтар аясында кешенді дамытудың стратегиялық бағыттары айқындалды. Арнайы құрылған үкіметаралық комиссия мен үкіметтеріміз тиісті жұмысты үйлестіруде. Нақты шаралар қабылданып жатыр», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Осы орайда Мемлекет басшысы өңірдің экологиялық қауіпсіздігін арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына Байқоңыр қаласын дамыту перспективалары мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған іс-шаралар жөнінде баяндалды.

«Қаланың болашағы зор. Қажетті инфрақұрылым дамып келеді. Қала газбен қамтамасыз етіліп, тұрғын-үй кешендері мен әлеуметтік нысандар салынатын болады. Сондай-ақ, жергілікті халықты жұмыспен қамту үшін бірлескен кәсіпорындар құру қажет», — деді ҚР Президенті.

ДереккөзAkorda.kz