Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қазақстанда халық саны 20,5 миллион адамнан асты

Фото: Kapital.kz

Не болды?

Қазақстан халқының саны 20,5 миллион адамнан асты. Ал 2026 жылғы 1 маусымдағы дерек бойынша кейінгі бір айда елдегі халық саны 12 986 адамға артқан. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қазір елде 20 575 979 адам өмір сүреді. Мамыр айының басында Қазақстан халқының саны 20 562 993 адам болған.

Елімізде әйел адам саны ер адамнан басым. Қазір Қазақстанда 10 517 159 әйел және 10 058 820 ер адам тұрады.

Қала тұрғындарының үлесі ауыл халқынан едәуір жоғары. Бүгінде қалада 13 168 438 адам өмір сүрсе, ауылдық жерде 7 407 541 тұрғын тұрады.

Халық саны ең көп өңір қатарында Алматы қаласы көш бастап тұр. Мұнда 2 348 103 адам тұрады. Одан кейін Түркістан облысы – 2 149 205 адам, Астана – 1 639 176 адам, Алматы облысы – 1 596 532 адам, Шымкент – 1 294 050 адам, Жамбыл облысы – 1 215 656 адам және Қарағанды облысы – 1 131 353 адам тіркелген.

Қалған өңірдің әрқайсында халық саны әзірше 1 миллион адамнан аспайды.

Ұлттық статистика бюросының дерегі бойынша, кейінгі кезде Қазақстанда халық саны тұрақты өсіп келеді. Егер 2009 жылы елде шамамен 16 миллион адам тұрса, 2026 жылдың ортасына қарай бұл көрсеткіш 20,5 миллионнан асып отыр. Сонымен қатар урбандау үдерісі де жалғасып келеді.

Контекст

Естеріңізге салайық, 2026 жылғы 2 наурызда Қазақстан халқының саны 20 518 005 адамға жетті.

Мақалаға реакция