Қазақстанда желдің күшеюіне байланысты ескерту жарияланды

6 қыркүйекте тәулік бойы Қостанай облысында найзағайлы жауын мен 15-20 м/с жел күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан облысында да найзағай ойнап, бұршақ жауып, қатты дауыл болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан 15-20, екпіні 25 м/с жел соғады.

6-7 қыркүйек күндері Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл болуы ықтимал. Оңтүстік батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м\с болады, 6 қыркүйекте күндіз, 7 қыркүйекте түнде желдің екпіні 23-28 м/с күшеюі күтіледі.

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысында найзағай болып, бұршақ жаууы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Сондай-ақ, Петропавл қаласында 6 қыркүйекте найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік шығыстан, солтүстіктен жел соғады, желдің екпіні 15-20 м/с-ге жетуі ықтимал.