4 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет синоптиктерінің болжауынша, бүгін Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір аудандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін барады.

Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында күндіз жел күшейіп, найзағай жарқылдайды.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, шаңды дауыл соғады.

Солтүстік Қазақстанның кей аудандарда түнде және таңертең тұман түседі деп болжануда.

Қарағанды облысында күндіз кей жерлерде найзағай ойнайды.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының бірқатар ауданында қатты ыстық болады деп болжанып отыр.

Батыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.