22-24 тамызға арналған ауа райы болжамы

Еліміздің басым аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжайды синоптиктер. Республиканың шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай болып, жел күшейеді.

Батыс, солтүстік-батыста түнде 10-23 градус жылы, күндіз 27-38 градусқа дейін ыстық болады.

Солтүстік, орталық және шығыста түнде 5-15 жылы, күндіз 23-35 градусқа дейін жылы, оңтүстігік, оңтүстік-шығыста түнде 10-20 жылы, күндіз 22-35 градусқа дейін жылы болады.

Қызылорда облысында 22 тамызда желдің екпіні 25 м/с жетіп, шаңды дауыл тұрады.

«22-23 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан секундына 15-20 жылдамдықпен жел соғады, оның екпіні 23 метрге жетеді», — деп хабарлайды синоптиктер.