Шығыс Қазақстан облысында жел электр станциясы салынады

Құрылысы ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында жоспарланған станция Ұлан ауданын толықтай электр қуатымен қамтамасыз етуге қауқарлы.

 

Бұл туралы Шығыс Қазақстан Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдылық шаруашылығы басқармасы басшысының м.а. Алмат Арсламбаев мәлімдеді.

Айта кетсек, станцияның жоспары 2013 жылы жасалған. Барлық жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, инвестор да табылған. Дегенмен жоба басшысы мен инвестор электр қуатының бағасына келісе алмаушылығынан жобаның мерзімі де ұзартылады.

«Қазірге дейін Тайынты асуында қажетті зерттеу жұмыстары жүргізіліп, жоба өз соңына жетті. Енді келесі жартыжылдықтан бастап жаңа станцияның құрылысы басталады. Қуаты 24 МВт болатын станция Ұлан ауданын толықтай электр қуатымен қамтамасыз етіп, қалған қуат республикалық жалпы желіге жіберілетін болады», – деді Алмат Арсламбаев.

ДереккөзBaq.kz