9 тамыз: ауа райы жауын-шашынсыз

9 тамыз күні Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, күндіз Ақмола облыстарында да жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерінде бұршақ, дауыл болуы мүмкін.

Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, күндіз Атырау облыстарында жел күшейеді.

Күндіз Атырау, Маңғыстау облыстарында ыстық, кей жерлерде өте қатты ыстық ауа райы күтіледі.

Жамбыл, Кызылорда облыстырында, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте қатты ыстық болады.

Алматы, Қызылорда, Атырау, кей жерлерде Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс-Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс-Қазақстан облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.