Ақтөбеде 9 күнде 4 мың жүргізуші жол ережесін бұзған

«Жүргізуші» жедел алдын алу шарасы аясында жол ережесін бұзған жүргізушілерге қатаң шаралар қолданылды.

9 тәуліктің ішінде облыс көлемінде көлікті мас күйінде айдаған 100 ақтөбелік анықталды. Куәлігінен айырылған 99 жүргізуші тіркеліп, жүзден астам адамның заңсыз көлік тізгіндегені белгілі болды.

«АЗАМАТТАРДЫҢ БӘРІ ДЕ ӘКІМШІЛІК ЖАЗАҒА ТАРТЫЛДЫ. ЖОЛ КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫН БОЛДЫРМАУ МАҚСАТЫНДА ІС-ШАРАЛАР ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР»,- ДЕЙДІ ОБЛЫСТЫҚ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ ҚАНЫБЕК ЖАҚСЫҒАЛИЕВ.

Ақтөбе облысында жыл басынан бері 281 жол көлік оқиғасы тіркеліп, 35 адам қайтыс болған. 357 адам жарақаттанып, емханаға түскен. Аталған аймақтағы жол көлік оқиғасы былтырғы жылмен салыстырғанда 1,8 пайызға көбейген.

Дереккөз24.kz