Шығыс Қазақстан облысында 15-20 м\с жылдамдықпен жел соғады. Күндіз желдің екпіні 25 м/с-ке дейін күшейеді. Жекелеген аудандарда бұршақ, дауыл болуы мүмкін.
Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, таңертен және күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел күшейіп, бұршақ жауып, дауыл болуы мүмкін.
Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қызылорда облыстарында жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл тұрады.
Күндіз Жамбыл облысында 15-20 м/с-пен жел соғады. Павлодар, түнде және таңертен Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Күндіз Алматы, Кызылорда, Ақтөбе облыстарында, Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарында қатты ыстық болуы мүмкін.
Атырау, Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Батыс-Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.