Бүгін Үндістанда Президент сайлауы өтеді

Үндістанның қазіргі президенті Пратибха Патил билік басындағы алғашқы әйел басшы болды. Ол мемлекетті 2007 жылдан бері басқарып келеді. Сайлауда президенттікке бірнеше кандидат үміткер болып отыр.

Президент сайлауына Біріккен прогрессивтік альянс коалициясының ұсынысымен Пранаб Мукерджи қатысады. Ол Үндістанның қаржы министрі болған. Бұрынғы парламент спикері Пурно Агитоком — Сангмой сайлаудағы жалғыз оппозициялық кандидат. Сонымен қатар, Үнді халықтық партиясы мен Аннадураи атындағы бүкілүндістандық дравид федерациясынан да кандидаттар тіркелген.

Аталған елде мемлекет басшысы бірнеше рет қайта сайлана алады. Бірақ, Үндістан тарихында Рджендра Прасад қана бұл лауазымға екі рет сайланған болатын.

Дауыстарды санау жексенбі күні аяқталады. Ал жаңа президентті ұлықтау рәсімі 25 шілде күні өтеді.

ДереккөзInform.kz