«Эйр Астана» Үндістан мен Қазақстан елордалары арасында әуеқатынас орнатады

Рейстер төмендегі кесте бойынша орындалады (жергілікті уақыт):

Апта Күндері Бағыт және рейс № Ұшу уақыты Келу уақыты
ДсБс Астана-Дели КС241

Дели-Астана КС242

07:20

12:00

10:55

17:00

Жс Астана-Дели КС249

Дели-Астана КС250

20:35

01:10+

00:10+

06:10

Астанадан Делиге ұшу ұзақтығы 4 сағат 5 минут, ал Делиден Астанаға 4,5 сағат.

Дели жолаушыларына Мәскеу, Санкт-Петербург, Ыстамбұл және басқа да қалаларға Астанадан ыңғайлы түйісулерге қол жетімді болады.

Астанадан Делиге барып қайту әуе билетінің ең төменгі құны, барлық салықтарды қоса алғанда және эконом-класта 89 883 теңгені құрайды.

Билеттерді билет сату кеңселерінде, әуекомпанияның airastana.com сайтында немесе +7 (717) 2584477 нөмірлі тәулік бойы Броньдау және ақпарат орталығы арқылы сатып алуға болады.

Алматы мен Дели арасындағы әуеқатынас 2004 жылдың 4 қыркүйегінде орнатылды.

Осы уақыт ішінде 470 мыңнан астам жолаушы, 5 мың тонна жүк пен 4 тонна пошта тасымалданды.

Алматы-Дели-Алматы бағыты бойынша 2017 жылдың алғашқы 5 айы ішінде 33 343 жолаушы тасымалданды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 36% -ға жоғары.

2017 жылдың 5 шілдесінен бастап Астана-Дели-Астана бағыты бойынша барлық рейстер Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының жаңа терминалы арқылы қабылданып жіберіледі.

1 маусым мен 10 қыркүйек кезеңі аралығында Астана қаласына келетін барлық халықаралық жолаушыларына, әуекомпания ЭКСПО көрмесіне тегін кіру билеттерін ұсынады. Бұл үшін әуекомпанияның airastana.com сайтында тіркеліп, көрмеге билет сату кассаларында ваучерді алмастыру қажет.