Николай Зенькович бұл кұнде әлемге аты шыққан белгілі тұлғалардың өмірбаяндарын зерттеп, тарихтың жолын өзгерткен белгiлi тарихи тұлғалар туралы 60-тан астам кiтап жазған автор. Ал бұл жолғы туындысын ол Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Әбішұлына арнап отыр.

Нұрсұлтан Назарбаев

1986 жылдан бастап жазыла басталған кітап туралы авторы Николай Зенкович:

— Мен бұл кітапты 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан кейiн жаза бастадым. Содан бері Нұрсұлтан Назарбаев туралы теріс пікір айтылғанын естімеппін. Ол халқының, ал халқы Мемлекет басшысының қадірін біледі. Құр жатып ешқашан Ұлы болмайсың дегендей ұлыққа жету үшін қиындық пен қуанышта да еліңмен бірге болып, тура жолға жетелеу керек. Нұрсұлтан Назарбаев бұл ретте өзінің ерік-жігерімен, ерекше қабілетінің арқасында жүктелген міндеттерді абыроймен алып келе жатқан бірегей тұлға , — деді.

Нұрсұлтан Назарбаев кітап

Оқырмандардың «жас буыны» саналатын орта мектеп оқушыларына арналған «Ұлы адам туралы ұлағатты кітап» екі тілде 4000 данамен шыққан. Кітап екі бөлімнен тұрады. Оның бірінші бөлімі Президенттің балалық жылдарын, үлкен өмірлік жолын сөз ететін «Үшқоңырдан шыққан ұлан» деп аталады. Ал екінші бөлімі, оның әлемді өзгерткен, жақсы және ізгі еткен жер жүзіндегі айтулы тұлғалардың қатарына қалай қосылғандығы туралы «Мәртебелі Президент».

Жаңа туындыны қазақ тіліне аударған белгілі публицист Қайнар Олжай. Ол 12 жастан асқан оқырмандарға негізделген кітаптың тілі жатық, өмірлік тәжірибе мен тәлім алатын тұстары мол екендігін айтып:

— Мына кітаптың құнды жері жоғарғы сынып оқушылары мен студенттерге арналғандығында. Тура осы буында Елбасымыз туралы әдемі, жақсы тілмен жазылған кітап жоқ болатын. Осы бос орынға жаңа туынды өзі кірпіш болып қалана қалды деп есептеймін, — деген пікірін білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев кітап

Президент болуды армандайтын жас ұрпақтың жаңа кітапқа деген қызығушылығы да зор. Тұсаукесер барысында автор мен аудармашыға қызықтырған сұрақтарын қойып, жиын соңында кітаптарына естелікке қолтаңба да қойғызып алды.